Оралда Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде пошта жөнелтілімдерін тексеру кезінде сотталған азаматтарға жолданған есірткі зат анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің кинолог-маманы ефрейтор Аманай Бақтығалидің жетекшілігімен Детектив есімді қызметтік ит жұмылдырылды.
Тінту кезінде ол сәлемдемелердің біріне тоқтап, белгі бергендіктен, дереу жедел-тергеу тобы шақырылған.Табылған материал оның құрамын анықтау үшін соттық-химиялық сараптамаға жіберілді.
Қазір осы факт бойынша қажетті іс-шаралары жүргізіліп жатыр.