Алматыда автокөлік бес жүргіншіні қағып кетті

/
Алматыда автокөлік бес жүргіншіні қағып кетті
pixabay.com

Алматы қаласында Audi автокөлігінің жүргізушісі бес жаяу жүргіншіні қағып кетіп, бірнеше тұрақта тұрған көлікке зақым келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 08:20 шамасында қаланың Медеу ауданында болған. Жүргізуші Зенков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолдың жүру бөлігінде тұрған бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Осыдан кейін көлік қозғалысын жалғастырып, жол жиегінде тұрақта тұрған Toyota автокөлігіне соқтығысқан. Соққының әсерінен Toyota инерциямен қасында тұрған Subaru автокөлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан бес адам зардап шекті. Барлық зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары