Астана тұрғыны жалға алған фотоаппаратты ломбардқа өткізген

/
Астана тұрғыны жалға алған фотоаппаратты ломбардқа өткізген
istockphoto.com

Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында анықталғандай жәбірленуші OLX интернет-платформасы арқылы Canon SX740 HS фотоаппаратын жалға беру туралы хабарландыру жариялаған. Кейін күдікті жәбірленушімен байланысқа шығып, құрылғыны бір тәулікке жалға алу үшін алдын ала төлем жасап, сеніміне кірген. Алайда, фотоаппаратты алғаннан кейін күдікті оны ломбардқа өткізіп жіберген.

Ал түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеге жуық. Қазіргі уақытта аталған азаматтың осындай 6 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Полиция азаматтарға интернет арқылы мәміле жасау кезінде сақ болуға және бейтаныс тұлғаларға сеніп, бағалы заттарын бермеуге кеңес береді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары