Қытайлық дәрігерлер адамға бір мезетте шошқаның бауыры мен екі бүйрегін сәтті трансплантациялады. Бұл – әлемде алғаш рет жасалған көп мүшелі ксенотрансплантация операциясы, деп хабарлайды turkystan.kz cell.com-ға сілтеме жасап.
Операция алты гені өзгертілген шошқаның ағзаларын 53 жастағы адамның денесіне көшіру арқылы жүргізілген. Ғалымдардың айтуынша, трансплантацияланған мүшелер бес күнге жуық қалыпты жұмыс істеген және аса жедел қабылдамау реакциясы байқалмаған.
Дегенмен операциядан кейін 36 сағат өткен соң ағзада мүшелерді қабылдамаудың алғашқы белгілері тіркелген. Зерттеушілер иммундық жүйенің белсенді реакциясын анықтап, ағзадағы метаболикалық өзгерістерді бақылаған.
Мамандардың пікірінше, бұл тәжірибе жануар ағзаларын адамға көшіру саласындағы маңызды қадам болуы мүмкін. Ғалымдар мұндай технология болашақта донор ағзалары тапшы мәселесін шешуге көмектеседі деп есептейді.