Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан 2026 жылы Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өткен Азия чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылғы әлем чемпионы Instagram парақшасында сурет жариялап, жанкүйерлеріне алдағы жекпе-жектерде өзін дәлелдеуге уәде берді.
"Дайындалыңдар. Келесі жекпе-жектер жай ғана айқас болмайды, олар менің шын мәнінде кім екенімді дәлелдейді", – деп жазды Төрехан.
Айта кетейік, биыл сәуір айында өткен Азия чемпионатында Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Ұлан-Батордағы турнирдің финалында ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде иорданиялық боксшы Зеяд Иашишке төрешілердің бірауыз шешімімен 0:5 есебімен есе жіберді.
Осы финалға дейін қазақстандық боксшы 16 айдан астам уақыт бойы жеңіліс көрмеген еді. 2025 жылы ол Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.