Шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

/
Шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты
Michal Walusza / Norway Chess

Халықаралық шахмат федерациясы FIDE Norway Chess турнирі аяқталғаннан кейін Instagram парақшасында жаңартылған рейтинг нұсқасын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE Circuit әйелдер рейтингінің жаңартылған тізімінде бірінші орынға шықты. Қазіргі уақытта отандық спортшының еншісінде 51,30 ұпай бар.

Асаубаеваның рейтингтегі көтерілуіне Норвегияда өткен беделді турнирдегі жеңісі әсер етті. Ол Norway Chess додасында чемпион атанып, маңызды ұпай жинады.

Екінші орынға Қытай шахматшысы Чжу Цзиньэр жайғасты. Оның қоржынында 39,83 ұпай бар. Ал үздік үштікті 29,70 ұпаймен Үндістан өкілі Вайшали Рамешбабу түйіндеді.

Ерлер арасындағы FIDE Circuit рейтингінде әзірге өзбекстандық Нодирбек Абдусатторов көш бастап тұр. Одан кейін оның отандасы Жавохир Синдаров орналасқан. Үшінші орында америкалық шахматшы Фабиано Каруана тұр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары