Байсуфиновтың бас бапкер қызметінен кетуі туралы қауесет шындыққа жанаспайды – ҚФФ

/
Байсуфиновтың бас бапкер қызметінен кетуі туралы қауесет шындыққа жанаспайды – ҚФФ
olympic.kz

Қазақстан футбол федерациясы бірқатар бұқаралық ақпарат құралында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ҚФФ Талғат Маруаұлы Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді. Маманның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз. Кадрлық шешімдерге қатысты барлық жаңалық Қазақстан футбол федерациясының ресми ақпарат көздерінде ғана жарияланады», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары