«Жастарға жұмыс» жобасы – өңір жастарын жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі. Жоба аясында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер бір алаңда бас қосып, тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Аталған жоба арқылы жұмысқа тұрған аймақ жастары, соның ішінде Жамбыл облысының жас мамандары бұл жәрмеңкенің дипломын енді қолға алған жастарға еңбек жолын бастап, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін маңызын алға тартады.
«Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өңірімізде 4 жыл қатарынан жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді және жастарды жұмыспен қамту бағытындағы маңызды бастамалардың біріне айналды. Жоба аясында жыл сайын жастарға нақты мүмкіндік беретін түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге өз үлесін қосып келеді.
2025 жылы «Жастарға жұмыс» жобасы аясында кең ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысып, 500-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұл өз кезегінде жастар мен жұмыс іздеуші азаматтар үшін үлкен мүмкіндік алаңына айналды.
Іс-шара барысында 400-ге жуық жұмыссыз азамат қатысып, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, өздерін қызықтырған жұмыс орындары бойынша толық ақпарат алды. Нәтижесінде жұмыссыз азаматтардан 120-ға жуық түйіндеме қабылданып, олардың бірқатары іріктеу кезеңінен өтті», – дейді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ерғали Әбуғали.

Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасы биыл да өз нәтижесін көрсетті. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етіп, ондаған азаматтың еңбек жолын бастауына мүмкіндік берді.
«36 азамат тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 21 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 15 жас жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы еңбек жолын бастауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, жоба аясында жастардың белсенділігі артып, олар түрлі әлеуметтік және кәсіби даму шараларына тартылды.
Жалпы, мұндай жобалар жастардың еңбек нарығына бейімделуіне, кәсіби бағыт-бағдар алуына және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуына үлкен септігін тигізеді», – дейді Ерғали Әбуғали.
