Алматыда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Алматыда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті
gov.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге дайындық барысы, мемлекеттік рәміздердің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері және оларды кеңінен насихаттау мәселелері қаралды.

Отырыс барысында мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің маңызды нышандары екені атап өтілді. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мәртебесіне сай қолданылуын қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстау – барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің ортақ міндеті екені айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімдерінің аппараттарына, Білім және Денсаулық сақтау басқармаларына мемлекеттік рәміздерді пайдалану барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар, Ішкі саясат басқармасына мемлекеттік органдармен бірлесіп қоғамдық мониторинг жұмыстарын жалғастыру міндеттелді.

Комиссия мүшелері жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, оларды пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары