Бүгін – дүниежүзілік велосипед күні

/
Бүгін – дүниежүзілік велосипед күні
сурет: istockphoto.com

Дүниежүзілік велосипед күні (World Bicycle Day) жыл сайын 3 маусымда атап өтіледі. Бұл дата өзгермейді және барлық елдерде бір уақытта тойланады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2018 жылдың сәуір айында бекітілген. Бастамашы ретінде Түрікменстан ұсыныс білдіріп, құжатқа 56 мемлекет қол қойған.

Мерекенің негізгі мақсаты – велосипедтің экологиялық таза әрі қолжетімді көлік түрі ретіндегі маңызын насихаттау. Велосипед тек қала ішінде ыңғайлы қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыруға да ықпал етеді.

Сондай-ақ бұл күн қалаларда велосипед инфрақұрылымын дамыту қажеттігін еске салады: веложолдар салу, тұрақтар ашу және қауіпсіз қозғалыс жағдайын жақсарту. Көптеген елдерде 3 маусымда велошерулер, экологиялық акциялар және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары