Жетісуда қоғамдық орынды ластаған екі мыңнан астам адам жауапқа тартылды

/
Жетісуда қоғамдық орынды ластаған екі мыңнан астам адам жауапқа тартылды
polisia.kz

Жетісу облысында Мемлекет басшысы айқындаған "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында қоғамдық тәртіпті сақтау және елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы мақсатта облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелер мен тұрғын үй аулаларында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы тәулік бойы мониторинг жүргізеді.

Заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен тәртіп сақшылары абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, жасыл желектерді зақымдау немесе жою, сондай-ақ қоғамдық тәртіпке кері әсер ететін өзге де құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдауда.

Жыл басынан бері бейнебақылау жүйелері арқылы абаттандыру қағидаларын бұзудың 2082 дерегі анықталып, олардың жолы кесілді. Құқық бұзушылықтарға жол берген азаматтардың барлығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция тұрғындарды қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Өйткені таза, көрікті әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті мен жауапкершілігі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары