«Қайрат Димаштан әлсіз болса, стадионды бір аптада жинамас еді» - журналист әншілерді салыстыруға қарсы шықты

/
«Қайрат Димаштан әлсіз болса, стадионды бір аптада жинамас еді» - журналист әншілерді салыстыруға қарсы шықты
Коллаж: turkystan.kz

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әншілерді бір-бірімен салыстыруды доғару керектігін айтып, Қайрат Нұртастың шығармашылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Қайрат Нұртастың ел ішіндегі танымалдығын оның концерттеріне деген сұраныспен бағалауға болатынын айтты.

«Егер Қайрат әлсіз әнші болса, ешқандай жарнамасыз бір аптаның ішінде стадион жинамас еді. Билет сатылымға шыққан күні-ақ түгел сатылып кетті. Бұл – халықтың жүрегінен орын алғанының белгісі», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ ол Қайрат Нұртастың өнерін бағалауда ескі әңгімелерді қайта-қайта қозғаудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Бір кісінің айтқан сөзіне бола, ескі әңгімені қайта айналдыра беруді тоқтату керек. Одан бері қаншама жыл өтті», – деді ол.

Бибігүл Дәулетбекқызының сөзінше, Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас әртүрлі бағытта өнер көрсететін әншілер болғандықтан, оларды салыстыру дұрыс емес.

«Димаш – классикалық бағытта ән айтып, әлемдік деңгейде танылған өнер иесі. Ал Қайраттың да өз аудиториясы бар. Оның шетелдегі концерттері де аншлагпен өтеді. Әндерін өзге ұлт өкілдері де сүйіп тыңдайды», – деп жазды журналист.

Ол өнер адамдарының жетістігін өз аудиториясы арқылы бағалау керек екенін айтып, Қайрат Нұртастың әндері тыңдарманның жүрегіне жол тапқанын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары