Астанада моншадан шыққан өрт екіқабатты коттеджге тарады

/
Астанада моншадан шыққан өрт екіқабатты коттеджге тарады
ТЖМ

Астананың Алматы ауданындағы Сілеті көшесінде орналасқан екі қабатты сауна ғимаратында өрт шықты. Жалын саунаның бір қабатты жапсарлас құрылысына, кейін жақын маңдағы екі қабатты коттедждің жапсарлас бөлігіне тараған.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер ашық жалынмен күресіп, өрт сөндіру штабын құрды. Өртті оқшаулау үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылып, бірнеше өрт оқпаны қолданылды. Қабылданған шаралардың арқасында коттедж негізгі өрттен қорғалып, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіру жұмыстары қою түтіннің, жоғары температураның және жалынның жылдам таралуының салдарынан күрделене түсті. Мамандардың айтуынша, өрттің қарқынды таралуына ғимараттағы жанғыш материалдардың көп болуы әсер еткен.

Өрт 540 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар