Аңызға айналған хоккейшінің миы ғалымдарға беріледі

/
Аңызға айналған хоккейшінің миы ғалымдарға беріледі

Канадалық әйгілі хоккейші Клод Лемьёнің отбасы оның миын созылмалы травматикалық энцефалопатияны зерттеу үшін ғалымдарға тапсыруға шешім қабылдады. Зерттеуді АҚШ-тағы Бостон университетінің мамандары жүргізеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмның туыстары бұл қадам болашақ спортшыларды қорғауға және спорттағы бас жарақаттарының салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі деп үміттенеді.

«Клод Лемьёнің есімі осы зерттеумен байланысты болғанын қалаймыз. Оның өмірі ғылымның дамуына, ашық пікірталастарға және спортшылар мен олардың отбасыларын жақсырақ қорғауға үлес қосады деп сенеміз», – деп айтылған отбасы мәлімдемесінде.

60 жастағы бұрынғы хоккейшінің денесін оның ұлы қойма ғимаратынан тапқан. Лемьё біраз уақыт байланысқа шықпаған соң, жақындары алаңдай бастаған. Оның қайтыс болғаны 28 мамырда белгілі болды.

Дәрігерлердің түсіндіруінше, созылмалы травматикалық энцефалопатия – бас миының бірнеше рет шайқалуы мен жарақаттануы салдарынан дамитын дегенеративті ауру. Бұл дерт көбіне кәсіби спортшыларда, әсіресе жиі соққы алатын спорт түрлерімен айналысатын адамдарда кездеседі.

Ғалымдар Лемьёнің миын зерттеу арқылы аурудың даму механизмдерін тереңірек түсінуге және болашақта спортшылардың денсаулығын қорғаудың тиімді жолдарын табуға үміттенеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары