Оңтүстік Кореяда жолдарды жылдам және баяу жүретін адамдарға арнап бөле бастады

/
Оңтүстік Кореяда жолдарды жылдам және баяу жүретін адамдарға арнап бөле бастады

Оңтүстік Кореяда жаяу жүргіншілер қозғалысын реттеудің жаңа тәсілі енгізіліп жатыр. Елдің бірқатар қалаларында жылдам және баяу жүретін адамдарға арналған бөлек жолақтар пайда болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жоба көшедегі қозғалысты ыңғайлы етуге және адамдардың бір-біріне кедергі келтіруінен туындайтын күйзелісті азайтуға бағытталған.

Жаңа жүйе бойынша тротуар екі бөлікке бөлінеді. Көк түсті жолақ қалыпты немесе жылдам қарқынмен жүретін жаяу жүргіншілерге арналған. Ал жасыл түсті бөлік баяу қозғалатын адамдар үшін қарастырылған.

Бұл жолақты көбіне қарт адамдар, чемодан сүйреген туристер, балалы отбасылар және асықпай серуендейтін тұрғындар пайдалана алады.

Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім жаяу жүргіншілер ағынын тиімді ұйымдастырып, қалалық ортадағы жайлылықты арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар адамдар арасындағы ұсақ келіспеушіліктер мен қозғалыс кезіндегі қолайсыздықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары