Дүйсенбіде жүректің тоқтап қалу қаупі 9%-ға жоғары болады – зерттеу

/
Дүйсенбіде жүректің тоқтап қалу қаупі 9%-ға жоғары болады – зерттеу

Ғалымдар дүйсенбі күні жүректің кенеттен тоқтауы басқа күндерге қарағанда 9%-ға жиі тіркелетінін анықтады. Зерттеуге 200 мыңнан астам адамның медициналық деректері талданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандар бұл құбылысты «дүйсенбі әсері» деп атайды. Зерттеу нәтижелері бойынша, демалыс немесе мереке күндерінен кейінгі алғашқы жұмыс күні жүрекке түсетін жүктеме айтарлықтай артады.

Зерттеушілердің айтуынша, жұмысқа қайта оралуға байланысты күйзеліс кезінде ағзада адреналин мен кортизол гормондарының деңгейі көтеріледі. Соның салдарынан қан қысымы жоғарылап, жүрек соғысы жиілейді.

Әсіресе бұл әсер егде жастағы адамдарда, жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарда және бірнеше күн қатарынан демалған адамдарда айқынырақ байқалған.

Дәрігерлердің пікірінше, тәуекелдің артуына демалыс күндеріндегі ұйқы режимінің бұзылуы, алкогольді көп тұтыну және дұрыс тамақтанбау да әсер етеді. Мұндай өзгерістер жүрекке қосымша салмақ түсіреді.

Мамандар жүрек денсаулығын сақтау үшін тұрақты ұйқы режимін ұстануға, күйзелісті азайтуға, алкогольді шамадан тыс пайдаланбауға және жұмыс аптасына біртіндеп бейімделуге кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары