Астананың Сарайшық ауданында Қасым Аманжолов көшесінің бойында автокөлік өртеніп, салдарынан бірнеше адам зардап шекті.
Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Осыдан кейін автокөлік отқа оранған.
Оқиға салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше көлік те зақымданған.
Зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.