Астананың Байқоңыр ауданында, Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан үш жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрліінің баспасөз қызметі.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.
Осы уақытта өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр.
Өртті сөндіру жұмыстары қалың түтін салдарынан қиындап отыр. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген хабарламада.