«Өрт-2026»: Ұлттық ұлан төтенше жағдай кезіндегі дайындық деңгейін көрсетті

/
«Өрт-2026»: Ұлттық ұлан төтенше жағдай кезіндегі дайындық деңгейін көрсетті
Фото: ұлттық ұлан

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Қостанай облысында өткен «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Ауқымды іс-шара табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою кезіндегі өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиынның алғашқы күні Қостанай қаласындағы «I-Qostanai» смарт-орталығы базасында құқықтық тәртіп әскері өкілдерінің қатысуымен Республикалық жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Практикалық кезең Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы Аманқарағай орманшылығы аумағында өтті.

Республиканың бірнеше өңірінде өтіп жатқан оқу-жаттығуға Ұлттық ұланның МИ-171Е тікұшағы және 20 шақты әскери техникасы мен 200-ге жуық әскери қызметшісі жұмылдырылды. Олар өзге де күштік құрылымдардың өкілдерімен бірге орман өрті кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтады.

Біз тікұшақ арқылы өрт ошақтарын анықтау, әуеден сөндіру және жедел әрекет ету іс-шараларын көрсеттік. Осындай оқу-жаттығулар төтенше жағдай кезінде күштік құрылымдар мен қызметтердің бірге үйлесімді жұмыс істеуіне әсер етеді, - деді Ұлттық ұлан әуе кемесінің командирі капитан Ақыл Тілеуберген.

Жалпы оқу-жаттығуға орман шаруашылығы, табиғат қорғау, құқық қорғау және өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері мен әскерилер тартылды. Сондай-ақ аумақтық қорғаныс күштері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтері қатысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар