Шатырда 30 жыл жатқан кітап 1,6 миллион теңгеге сатылды

/
Шатырда 30 жыл жатқан кітап 1,6 миллион теңгеге сатылды
сурет: istockphoto.com

Ұлыбритания тұрғыны 30 жыл бойы шатырда жатқан «Хәрри Поттер мен пәлсапа тасы» кітабын аукционда шамамен 1,6 миллион теңгеге (17 мың фунт стерлинг) сатып жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.

Сирек кездесетін алғашқы басылым 1997 жылы дүкен сөрелеріне небәрі 4,99 фунтқа шыққан. Сол кезде кітапты Шотландиядағы журналда жұмыс істеген әдеби шолушы Катрина Макничол алғанымен, оны оқуға уақыты болмаған.

Нәтижесінде әйел кітапты қорапқа салып, үйінің шатырында сақтап қойған. Басылым шамамен 30 жыл бойы ұмыт қалған күйі жатқан.

Кейін үйді жинау кезінде кітап қайта табылып, аукционға шығарылды. Сарапшылар оның өте жақсы сақталғанын және алғашқы басылымдардың қатарына жататынын анықтады. Соның арқасында сирек кітап рекордтық бағаға сатылды.

Бір кездері небәрі бірнеше фунт тұрған кітаптың құны бүгінде мыңдаған есеге өсіп, коллекционерлер үшін бағалы жәдігерге айналған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары