Айт күндері Астанада күн +32 градусқа дейін ысып, Алматыда нөсер жауады

/
Айт күндері Астанада күн +32 градусқа дейін ысып, Алматыда нөсер жауады
istockphoto.com

Қазгидромет 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Астанада аптап ыстық 32 градусқа дейін жетсе, Алматыда нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанадағы ауа-райы болжамы

27 мамыр — құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы +14...+16 градус, күндіз +30...+32 градус болады.

28 мамыр — құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыс желі секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде +15...+17 градус, күндіз +21...+23 градус.

29 мамыр — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік-батыс желі секундына 9-14 метр. Түнде +10...+12 градус, күндіз +28...+30 градус болады.

Алматыдағы ауа-райы болжамы

27 мамыр — құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, кешке қарай кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыс желі секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Түнде +15...+17 градус, күндіз +25...+27 градус.

28 мамыр — құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі секундына 3-8 метр, кей сәттерде екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус болады.

29 мамыр — құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыс желі секундына 3-8 метр, кей жерлерде екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары