Түркістан облысының аумағында өткізілген "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аталған азамат Алматы облысында іздеуде болған. Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктіні Жетісай қаласы көшелерінің бірінен қолға түсірді.
Ұсталған азамат одан әрі тексеру жұмыстарын жүргізу және іздеуді жариялаған тарапқа тапсыру мақсатында полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.