Павлодарда симбокстарды алаяқтық мақсатта пайдалану фактісі анықталды

/
Павлодарда симбокстарды алаяқтық мақсатта пайдалану фактісі анықталды
istockphoto.com

Прокуратура қызметкерлері алаяқтық схемаларда қолданылған мобильді құрылғылардың сәйкестендіру кодтарын алмастыруға арналған арнайы жабдықты заңсыз пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пәтерлерді аралау барысында көпқабатты үйлердің бірінде тұрғын анықталып, оның үйінен 128 слоттық симбокс, «Tele2» және «Алтел» ұялы байланыс операторларының 115 Sim-картасы, 2 роутер және 32 ұялы телефон табылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 213-бабы 2-бөлігіне сәйкес, яғни абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру деректерін өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану және тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын және ықтимал сыбайластарды анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары