Грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандықтар екі алтын медаль алды

/
Грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандықтар екі алтын медаль алды
ҰОК

Қазақстан грек-рим күресінен Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz.

Алғаш болып боз кілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты. Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі.

Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола медальға ие болды.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары