Шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр

/
Шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамы жарияланды.

Елордадағы айырбастау орындарында доллар 466,94 теңгеден қабылданып, 473,90 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 542 теңге, сату құны – 552 теңге. Ресей рублі 6,20–6,50 теңге аралығында саудаланса, қытай юані 67,69 теңгеден қабылданып, 73 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы валюта бағамына келсек, долларды айырбастау орындары 469,90 теңгеден сатып алып, 472,35 теңгеден сатуда. Еуро бағамы 546,67–551,90 теңге аралығында. Рубль 6,34–6,49 теңгемен саудаланса, юаньның құны 67,57 теңгеден 70,17 теңгеге дейін жеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары