Астанадағы Тұран даңғылы үш күнге жабылады

/
Астанадағы Тұран даңғылы үш күнге жабылады
pixabay.com

22–24 мамыр аралығында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тұран даңғылы бойындағы жол қозғалысы толықтай жабылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәліметке сәйкес, шектеулер жол инфрақұрылымын жақсарту және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізілетін жөндеу жұмыстары кезеңінде енгізіледі.

Аталған аумақта жол қозғалысына қатысушылардың қолайсыздығын азайту және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарын маршруттарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама жолдарды пайдалануға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары