20 мамыр күні Алтай қаласындағы бұрынғы нан зауытының қараусыз қалған ғимаратында құлап, ауыр жарақат алған мектеп оқушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еске салсақ, 19 сәуір күні кәмелетке толмағандар тобы Өнеркәсіп көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттардың маңында болған. Ойын кезінде 2011 жылы туған қыз едендегі тесікті байқамай, сүрініп кетіп, екінші қабаттан құлаған.
Оқиғадан кейін мектеп оқушысы аса ауыр жағдайда Алтай ауданының ауданаралық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер бір ай бойы оның өмірі үшін күресті. Бала күрделі отадан өтіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын.
Оқиға фактісі бойынша бұған дейін сотқа дейінгі тергеу басталған.