Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Германияның Людвигсхафен қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандастарымыз омниум дисциплинасында жеңіс тұғырынан көрінді.
Илья Карабутов күміс жүлдеге ие болса, Максим Хорошавин қола жүлдегер атанды.
Бұл бәсекеде Германия өкілі Мориц Аугенштейн алтын медаль жеңіп алды.