14 қазақстандық спортшы күтпеген жерден қиындыққа тап болды

/
14 қазақстандық спортшы күтпеген жерден қиындыққа тап болды
United World Wrestling

Қазақстанның антидопинг орталығы допинг сынамасынан өте алмаған және ұзақ мерзімге жарыстардан шеттетілген спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тізімге әртүрлі спорт түрінен 14 қазақстандық спортшы енген. Олардың қатарында ауыр атлетика, күрес, дзюдо, таеквондо, пара-пауэрлифтинг, спорттық гимнастика және джиу-джитсу өкілдері бар.

Сонымен қатар отандық команда әлем чемпионатындағы алтын медальдан айырылуы мүмкін екені айтылды. Себебі әйелдер күресінің өкілі Мадхия Усманова мельдонийге тапсырған допинг сынамасынан өте алмаған. Спортшы төрт жылға, яғни 2025 жылғы 13 қазаннан 2029 жылғы 12 қазанға дейін дисквалификацияланды.

Допинг сынамасынан өте алмаған қазақстандық спортшылар тізімі:

Ауыр атлетика – 3 спортшы

  • Анастасия Антропова – «Метандиенон», 2025 жылғы 3 қыркүйектен 2028 жылғы 3 қыркүйекке дейін;
  • Вячеслав Корщиков – GHRP-6, 2025 жылғы 20 қазаннан 2028 жылғы 20 қазанға дейін;
  • Тунгат Жуат – «Дростанолон», 2026 жылғы 20 қаңтардан 2029 жылғы 19 қаңтарға дейін.

Әйелдер күресі – 2 спортшы

  • Мадхия Усманова – «Мельдоний», 2025 жылғы 13 қазаннан 2029 жылғы 12 қазанға дейін;
  • Диана Асылбекова – «Фуросемид», 2026 жылғы 6 қаңтардан 2028 жылғы 5 қаңтарға дейін.

Еркін күрес – 2 спортшы

  • Мирас Сұлтанбек – «Мельдоний», 2026 жылғы 9 қаңтардан 2029 жылғы 8 қаңтарға дейін;
  • Әлібек Әбдіқасымов – «Дростанолон», 2026 жылғы 20 қаңтардан 2030 жылғы 19 қаңтарға дейін.

Пара-пауэрлифтинг – 2 спортшы

  • Айгерім Айдарқызы – «Фуросемид», 2025 жылғы 4 шілдеден 2027 жылғы 3 шілдеге дейін;
  • Камиль Хузиахметов – өзінің орналасқан жері туралы ақпаратты ұсыну тәртібін бұзғаны үшін 2025 жылғы 23 қазаннан 2027 жылғы 22 қазанға дейін.

Спорттық гимнастика – 1 спортшы

  • Арина Лебедева – «Сибутрамин», 2025 жылғы 7 қарашадан 2027 жылғы 7 қарашаға дейін.

Дзюдо – 1 спортшы

  • Ержан Еренқайыпов – «Мельдоний», 2025 жылғы 27 қарашадан 2028 жылғы 27 қарашаға дейін.

Таеквондо – 1 спортшы

  • Хальзальпер Ромашкин – «Фуросемид», 2025 жылғы 21 қарашадан 2028 жылғы 20 қарашаға дейін.

Джиу-джитсу – 1 спортшы

  • Айкүміс Абжанова – «Фуросемид», 2026 жылғы 23 ақпаннан 2028 жылғы 22 ақпанға дейін.

Грек-рим күресі – 1 спортшы

  • Ерзат Ерланов – «Станозолол» және «Кломифен», 2026 жылғы 20 қаңтардан 2030 жылғы 19 қаңтарға дейін.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары