Тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтыну кейін дұрыс тамақтануға көшкеннің өзінде есте сақтау қабілетіне ұзақ мерзімді әсер етуі мүмкін. Мұндай қорытындыға University of Technology Sydney зерттеушілері келді. Зерттеу Nutritional Neuroscience журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ғалымдар майлы әрі тәтті тағамдардың миға әсеріне арналған жануарларға жүргізілген 27 эксперименттің нәтижесін талдаған. Зерттеу барысында жануарлардың бір бөлігі зиянды рационнан кейін пайдалы тамақтануға көшіріліп, есте сақтау қабілетінің қалпына келуі бақыланған.
Нәтижесінде дұрыс тамақтану жадының жұмысын белгілі бір деңгейде жақсартқаны анықталды. Алайда әсер бұрынғы рацион құрамына байланысты болған. Майы көп тағамнан кейін есте сақтау қабілеті жақсырақ қалпына келгенімен, қант мөлшері жоғары рационнан немесе май мен қант қатар көп болған жағдайда жады әлдеқайда нашар қалпына келген.
Зерттеушілердің айтуынша, мұндай әсерге әсіресе гиппокамп, яғни оқу мен есте сақтауға жауап беретін ми бөлігі сезімтал болуы мүмкін.
Ғалымдар тәтті тағамдарды ұзақ уақыт бойы шамадан тыс тұтынудың салдары бұрын ойлағаннан да тұрақты болуы ықтимал екенін атап өтті.