Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ташкенттегі турнирде бес жүлде жеңіп алды

/
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ташкенттегі турнирде бес жүлде жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық құрама жарысты бір алтын, бір күміс және үш қола жүлдемен аяқтады.

Жәния Бекмұхамбетова U13 санатында чемпион атанды. Ал Назерке Болатбек U11 жас санаты бойынша күміс медаль иеленді.

Мария Лукьянова (U15), Адель Вебер және Дагир Данияров (U11) турнирді қола жүлдемен қорытындылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар