Солтүстік Қазақстанда ауылдық округ әкімі көз жұмды

/
Солтүстік Қазақстанда ауылдық округ әкімі көз жұмды
Фото: "Криминалды Қазақстан" телеграм арнасы

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына қарасты Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"Криминалды Қазақстан" телергам арнасының мәліметінше, Ерлан Смайылов ауылдық округ әкімі қызметіне 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Оған дейін ол «Майское-Агро» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Бұл соңғы жарты жылдағы осындай алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі күйінде табылған еді. Сондай-ақ Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің де өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарланған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары