Жұмыстан қажудың емі – ұйқы

/
Жұмыстан қажудың емі – ұйқы
cурет: istockphoto.com

Жаңа ауқымды зерттеу жұмыстан қажудың денсаулыққа әсерін азайтуда ең тиімді фактор сапалы ұйқы екенін көрсетті. Ғалымдар он жыл бойы 2 871 адамның деректерін талдап, созылмалы стресс жағдайында қандай әдеттер ағзаны жақсырақ қорғайтынын зерттеген, деп хабарлайды turkystan.kz link.springer.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеу авторлары дұрыс тамақтану, спорт, ұйқы, алкоголь тұтыну және темекі шегу сияқты бес факторды салыстырған. Нәтижесінде ең күшті қорғаныс әсерін дәл ұйқы көрсеткен.

Ғалымдардың айтуынша, уытты жұмыс ортасы, тұрақсыз кесте, артық жұмыс пен үзілістің болмауы ағзаның ресурсын біртіндеп сарқа береді. Мұндай жағдайда кешкі жаттығу немесе дұрыс тамақтану ғана мәселені толық шеше алмайды.

Сонымен қатар зерттеу:
– дұрыс тамақтану мен сапалы ұйқы денсаулықты айтарлықтай жақсартатынын;
– спорттың жалпы денсаулыққа пайдалы болғанымен, стресс әсерін айтарлықтай бәсеңдетпейтінін;
– алкогольді аз тұтыну да маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

Зерттеу Conservation of Resources theory негізінде жүргізілген. Ғалымдар адамның энергиясы мен психологиялық ресурстары ұзақ стресс кезінде таусылатынын, ал ұйқы сол ресурстарды қалпына келтірудің ең маңызды механизмі екенін айтады.

Авторлар жұмыс берушілер тек мотивациялық тренингтермен шектелмей, қызметкерлердің демалыс режимі мен жұмыс жүктемесіне де назар аударуы керек деп есептейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар