Кентауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

/
Кентауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Видеодан скриншот

Түркістан облысы Кентау қаласындағы Төле би көшесінде үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 3 минут ішінде жеткен. Құтқарушылар келген кезде шатыр ашық жалынмен жанып жатқан.

"Өрт 250 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. ТЖД күштері баспалдақ арқылы 32 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады", - дейді ТЖМ өкілдері.

Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар