Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны 16 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 8 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлде бар.
Азия чемпионы атанғандар қатарында Нұрасыл Ғалым, Хатшепсут Садвакасова, Эмир Мухит, Аяулым Оспанова, Диана Надырбек, Әлібек Алпамыс, Сабыржан Сағым және Жансая Ержан бар.
Күміс медальді Балым Ғабитқызы, Мейіржан Жүніс және Ислам Сулейманоглы иеленсе, Милана Иншина, Бекхан Уразбай, Нұрислам Оңалбек, Розалия Вайдеман және Айлин Ходжамбердиева қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, қазақстандық жас боксшылар құрлық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына мол жүлде салды.