Шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз қабылдаған кәсіпкерге айыппұл салынды

/
Шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз қабылдаған кәсіпкерге айыппұл салынды
istockphoto.com

Жамбыл облысы Қордай ауданының прокуратурасы шетел азаматтарын олардың іс жүзінде тұрмайтын мекенжайлар бойынша жалған тіркеу фактілерін («резеңке пәтерлерді») анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, Қордай ауданының Қалғұты ауылындағы мекенжайлардың біріне Өзбекстан Республикасының 12 азаматы тіркеліп, іс жүзінде Алматы қаласында тұрып, сонда жұмыс жасап жүрген.

Осы сияқты құқық бұзушылықтар Сортөбе ауылында да анықталған, онда Қырғыз Республикасының 9 азаматы жалған тіркеуге қойылғанымен, нақтысында басқа өңірлерде тұрып, жұмыс істеген.

Мұндай схемалар көші-қон есебін бұрмалап, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, өзге де құқық бұзушылықтарды жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалған тіркеулердің күші жойылып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, прокуратураның үйлестіруімен шетел азаматтарының еңбегін бірнеше рет заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту тәжірибесі енгізілді.

Атап айтқанда, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін бұрын екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған дәмхана иесі 2025 жылғы желтоқсан және 2026 жылғы қаңтар айларында қайтадан осындай құқық бұзушылықтарға жол берген — рұқсат құжаттарынсыз және еңбек қатынастарын рәсімдемей, шетел азаматтарын жұмысқа қабылдаған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 395-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып,тергеу нәтижелерімен қылмыстық іс сотқа жолданған.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары