Қазақстанда күн суытып, нөсер жауады

/
Қазақстанда күн суытып, нөсер жауады
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 9–11 мамырға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып сақталады – жаңбыр жауып, найзағай болады деп күтілуде. 9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10–11 мамырда шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел болуы мүмкін.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауылдар болуы ықтимал, ал түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

«Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 11 мамырда елдің солтүстік бөлігінде түнде 1–6 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы: батыста – +13…+28, солтүстік-батыста – +10…+18, солтүстікте – +5…+13, орталықта және шығыста – +8…+18, оңтүстікте – +17…+26, оңтүстік-шығыста – +15…+22, таулы аймақтарда – +8…+13 градус болады», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары