14 баланы өз көлігіне мінгізіп алған 34 жастағы әйел жол апатына ұшырады

/
14 баланы өз көлігіне мінгізіп алған 34 жастағы әйел жол апатына ұшырады
ашық дереккөзден

Өзбекстанның Науаи облысына қарасты Нұрата ауданында ішінде 14 балабақша тәрбиеленушісі болған Matiz көлігі жол апатына ұшырады, деп turkystan.kz тілшісі Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің мәліметінше, апат 85V-043 тасжолының "Янгихаёт" махалласы арқылы өтетін 8-9 шақырым аралығында болған.

Алдын ала дерек бойынша, көлікті жүргізген 34 жастағы әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған. Тәжірибесіздік пен абайсыздық салдарынан ол көлікті басқара алмай қалып, машина жол жиегіндегі арыққа түсіп, аударылған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Ал көліктегі 14 бала түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген.

Тергеу барысында қаза тапқан әйелдің отбасылық балабақшаның жетекшісі болғаны анықталған.

Жол қауіпсіздігі қызметі өкілдері 14 баланы Matiz көлігімен тасымалдау ережеге қайшы екенін айтып, бұл жағдайдан ата-аналардың да салғырттығы байқалатынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары