City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, “Медеу”, “Қарталы”, “Ақан сері”, “Сарыбұлақ” аялдамаларына қатынайтын жол жабық, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осыған байланысты қоғамдық көлік бағыттары аталған аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіруді уақытша жүзеге асырмайды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұрайды.
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.