Орал қалалық соты Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының сарапшысы М.Жонысовқа қатысты айыптау үкімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өз қорытындысында дене жарақаттарының жоқтығын және мәйіттің шіру өзгерістеріне байланысты өлім себебін анықтау мүмкін еместігін көрсеткен. Алайда, эксгумациядан кейін Астана қаласының сот-медициналық сараптама мамандары жүргізген комиссиялық сот-медициналық сараптама нәтижесінде тірі кезінде келтірілген көптеген дене жарақаттары, оның ішінде қабырғалардың және тіл асты сүйегінің сынуы анықталған.
Кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта айыптың дәлелді әрі бұлтартпас айғақтарын ұсынды.
Нәтижесінде, сот бастапқы сараптамалық қорытындының нақты деректерге сәйкес келмегенін және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын жаңылыстырғанын анықтады.
Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабы 1-бөлігі (сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі) бойынша кінәлі дептанып, 3 жыл 2 ай 12 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.