Солтүстік Қазақстан тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген

/
Солтүстік Қазақстан тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Астраханка ауылында 41 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұған отбасылық жанжал, қызғаныш себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 30 сәуірге қараған түні болған. Ауыр күйік жарақаттарымен әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір оны Петропавл қаласына тасымалдау мәселесі қарастырылып жатыр.

Зардап шеккен әйелді мұндай шарасыз қадамға не итермелегенін полиция анықтайтын болады. Алайда жағдайдан хабардар ауыл тұрғындары бұл оқиға қызғаныш салдарынан болуы мүмкін деп болжайды. Айтуларынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған.

Оқиғаға Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары