Шахматшы Бибісара Асаубаева тарихи нәтижеге қол жеткізді

/
Шахматшы Бибісара Асаубаева тарихи нәтижеге қол жеткізді
FIDE баспасөз қызметі. Суретте: Бибісара Асаубаева

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

FIDE мәліметінше, Үміткерлер турнирі мен Еуропаның жеке чемпионаты аяқталғаннан кейін FIDE Circuit әлемдік рейтингінде айтарлықтай өзгерістер орын алған.

Әйелдер арасындағы Үміткерлер турнирінің жеңімпазы Вайшали Рамешбабу рейтингтің көш басына көтерілді. Екінші орынға осы жарыста күміс жүлде иеленген Бибісара Асаубаева жайғасса, үздік үштікті қытайлық Чжу Цзиньэр түйіндеді.

Ал ерлер арасындағы рейтингте бірінші орынды өзбекстандық Нодирбек Абдусатторов сақтап қалды. Айта кетейік, ол наурыз айының басынан бері классикалық шахматтан жарыстарға қатыспаған. Екінші орынға оның отандасы, Үміткерлер турнирінің жеңімпазы Жавохир Синдаров көтерілді. Үздік үштікті америкалық Фабиано Каруана қорытындылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар