"Ауылда жатсақ, төбелесейік дейді": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын мазақ қылды

/
"Ауылда жатсақ, төбелесейік дейді": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын мазақ қылды
instagram/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместің "Қазақ стилімен" жұдырықтасуға қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп turkystan.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін доминикандық боксшы сұхбаттарының бірінде олардың арасындағы текетірес жеке сипат алғанын айтып, жекпе-жектің міндетті түрде өтуін қалайтынын жеткізген еді.

Қазіргі уақытта елде жүрген Жәнібек қарсыласының сөзін жеңіл әзілмен қабылдап, бұған дейін Адаместің біріктіруші жекпе-жекке келісім бермегенін еске салды.

"Анау Карлос Адамес деген қоймайды екен, иә. Біз Америкаға барсақ төбелесуден қашады, ауылда жатсақ төбелесейік дейді. Өзі бір түсініксіз бала екен. Күңкілі бітпейді әйтеуір. Бірақ өмір осындайлармен де қызық. Анда-санда бір сөйлеп күлдіріп көңілді көтеріп қояды! Жарайсың Адамес!" – деп жазды қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда допинг сынамасынан мельдоний табылуына байланысты бір жылдық дисквалификация өтеп жатыр. Жуырда оның командасы бұл жазаға қатысты апелляция беріп, мерзімін қысқарту немесе толықтай алып тастауға тырысып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар