Ажар Салықова джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдесі үшін күреседі

/
Ажар Салықова джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдесі үшін күреседі
olympic.kz

Қазақстандық Ажар Салықова джиу-джитсудан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының қола медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы 63 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде иорданиялық Майя Ишакатпен кездесті. Белдесудің қорытындысы бойынша Ажар Салықова жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық спортшы қола жүлде үшін өтетін кездесуде БАӘ өкілі Шамма Әл-Калбанимен күреседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары