Үш спортшы Азия ойындарында джиу-джитсудан қола медаль үшін бақ сынайды

/
Үш спортшы Азия ойындарында джиу-джитсудан қола медаль үшін бақ сынайды
olympic.kz

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында джиу-джитсу бәсекелері жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыс аясында үш қазақстандық спортшы қола жүлде үшін күреседі.

62 келіге дейінгі салмақта қос қазақстандық Мансұр Хабибулла жартылай финалға дейін жетті. Дегенмен БАӘ өкілі Халед Әл-Шеххиден жеңіліп қалды. Енді Мансұр Хабибулла қола жүлде үшін өтетін бәсекеде отандасы Батыр Теңізбай өзара мықтыны анықтайды.

Сондай-ақ әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта Жібек Құлымбетова Филиппин өкілі Дженна Кайла Наполиспен қола жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары