Кей адамдардың жағдайы неге ауа райына тәуелді болады?

/
Кей адамдардың жағдайы неге ауа райына тәуелді болады?
сурет: istockphoto.com

Кей адамдар ауа райы өзгерісіне сезімтал болады. Ресейлік Генетик Екатерина Суркованың айтуынша, мәселе – ағзаның нейрофизиологиялық ерекшеліктері мен тұқым қуалайтын бейімділікте, деп хабарлайды turkystan.kz science.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, генетика әсіресе бас ауруларына, соның ішінде бас сақинасының ұстауына бейім етеді. Бұл бір ғана генге емес, бірнеше геннің бірлескен әсеріне байланысты күрделі құбылыс. Яғни, адамның жүйке жүйесінің сезімталдығы мен сыртқы факторлар (оның ішінде ауа райы) қатар әсер етеді.

Ауа райы бұл жерде негізгі себеп емес, тек триггер рөлін атқарады. Атмосфералық қысымның, температура мен ылғалдылықтың өзгеруі кей адамдардың жүйке жүйесіне күштірек әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, ағзадағы қан тамырларының реттелуіне жауап беретін гендердің де ықпалы бар. Мысалы, NOS3 қан тамырларының кеңеюіне әсер ететін азот оксидін өндіруге қатысады. Осы жүйедегі айырмашылықтар ауа райы өзгерісіне реакцияны күшейтуі мүмкін.

Тағы бір фактор – биологиялық сағатқа жауап беретін гендер, мысалы CLOCK және PER. Олар тәуліктік ырғақты реттейді, ал жарық пен температура өзгерістері бұл жүйеге әсер етеді.

Сарапшылардың пікірінше, метеосезімталдық – бұл нақты диагноз емес, ағзаның сыртқы ортаға бейімделу қабілетінің ерекшелігі. Яғни, кей адамдарда жүйке және тамыр жүйелері әлсіздеу болғандықтан, ауа райындағы өзгерістер олардың жағдайына көбірек әсер етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары