Астана әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

/
Астана әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
istockphoto

Астана әкімдігі 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу туралы таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Астана қаласында 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу кестесі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа сай келмейді", - делінген хабарламада.

Әкімдік нақты уақыт аралықтары мен көшелер тізімі көрсетілген мәтін жалған екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ осыған дейін көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде ғана қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін екендігі хабарланғанын еске салды.

"Осылайша, күні, уақыты және көшелері бойынша бөлінген хабарлама ресми болып саналмайды және шындыққа сәйкес келмейді.

Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді, сондай-ақ тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары