"Бала кезден...": Бибісара Асаубаева өзбекстандық Жавохир Синдаров туралы құпияны айтты (ВИДЕО)

/
"Бала кезден...": Бибісара Асаубаева өзбекстандық Жавохир Синдаров туралы құпияны айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап беріп, өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен таныстығы жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Instagram желісіндегі Stories бөліміндегі сұрақ-жауап айдарында оқырмандары Бибісара Асаубаеваға: "Синдаровпен алғаш қашан таныстыңыз?" деген сұрақ қойылған.

"Біз бала кезден турнирлерде бір-бірімізді көріп жүрдік, бірақ 2021 жылдан бастап араласа бастадық", – деп қысқа жауап берді Асаубаева.

Сонымен қатар шахматшы 20 жастағы Жавохир Синдаровпен бірге түскен әсерлі видеоны да жариялаған.

Бұған дейін қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровтың бірлескен фотосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді. Көпшілік олардың тек дос па, әлде араларында сезім бар ма деп болжаған. Ел арасында тараған қауесеттерге қатысты Синдаровтың әжесі де пікір білдірген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар