Танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовқа өңеш қатерлі ісігі диагнозы қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, ақын медициналық көмекке дер кезінде жүгінген. Әсіресе, ұлы әкесінің денсаулығына алаңдап, уақыт созбай ем іздеуге белсенді кіріскен.
Алдымен Айтақын Бұлғақов Түркиядағы екі бірдей клиникада тексеруден өткен. Кейін отбасы емді жалғастыру үшін басқа медициналық орталықты таңдаған.
Клиника өкілдерінің айтуынша, бұл шешім өмір үшін жасалған маңызды қадам болған. Қазіргі таңда ақынның жағдайында оң динамика байқалады. Мамандар толық сауығып кету мүмкіндігі жоғары екенін айтқан.
Дәрігерлердің сөзінше, дер кезінде басталған ем, тәжірибелі мамандар мен дұрыс таңдалған емдеу тәсілі науқасқа жаңа өмір сыйлай алады.
Қазір Айтақын Бұлғақов ем қабылдап жатыр.