"Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Қайырлы кеш" бағдарламасына қонақ болған Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бұрын көпшілікке айтылмаған қызықты деректерін бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ғарышкердің айтуынша, ол ғарышқа сапар кезінде өзімен бірге бірнеше ерекше затты алып кеткен.
"Мен өзіммен бірнеше заттар алып кеткен едім. Бірінші құран сүрелерін, сосын Қорқыт атамыздың жатқан жерінен топырақ алдым. Арнайы қапшық жасатып, соған сол топырақтан салып алдым. Ешкімге айтпай, өз әйелімнің карточкасын алып кеттім. Кейін оралған соң әйеліме "Таня, сен де ғарышта болдың" дедім. Ол "қалайша" деп түсінбеді. Мен оған карточканы көрсеттім. Сенің карточкаңда "Ғарыш кемесі" деген мөр басылған", – дейді Тоқтар Әубәкіров.